«Нұр Астана» мешіті Рамазан айының құрметіне «Рамазан шуағы» ауызашар тарату және «Жүрек жылуы» азық-түлік тарату шараларын қарқынды жүргізуде.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Осыған орай елорданың төрінде орналасқан «Нұр Астана» мешіті де жыл, он екі ай әр түрлі бағытта қайырымдылық шараларын жалғастырып келеді. Айталық, елімізде төтенше жағдай басталғалы «Нұр-Астана» мешіті имамдары ақысыз демалысқа шыққандарға, көпбалалы отбасыларға, жалпы көмекке мұқтаж жандарға «Жүрек жылуы» азық-түлік тарату акциясы аясында көмек көрсетуде.
Сондай-ақ, мешіт ұжымы Рамазан айының алғашқы күнінен бастау алған «Рамазан шуағы» ауызашар тарату қайырымдылық акциясын ай бойы жалғастырады. Алдағы уақытта жүзеге асатын игі істерге мұрындық болып, атсалысқысы келетін азаматтар +7 775 562 2044 нөмірі арқылы байланысуына болады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ummet.kz
02.05.2020
3529
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру