Апта басында Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби қажы Оспанның ұйытқы болуымен айлардың сұлтаны құрметіне орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қайырымдылық акциясы шеңберінде 50 отбасыға «Ауызашар қоржыны» табысталды.
Бұл – барша ақтөбелік ағайын болып, «Каспий Голд» арқылы жарна аудару жолымен түскен қаражат есебінен тиыннан тебен құрап, әлеуметтік жағдайы төмен топтарға нақтылы жәрдем беру бағытында атқарылған игілікті іс.
Елдегі карантин кезінде үйлерінде отырған ақтөбелік көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарға жеткізілген «Ауызашар қоржынында»: құрма, күнбағыс майы, пакеттегі сүт, картоп сынды күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері қамтылды.
Әрбір жасалған жақсылықтың сауабы 70-тен 700-ге дейін еселенетін Құран айында ораза ұстаған аузы берік жергілікті жамағат Рамазан сыйын ұйымдастырған дін өкілдеріне алғысын жаудырып, ризалық білдірді.
«Нұр Ғасыр» ұжымы Ораза ұстаушы жамағатқа «Ауызашар қоржынын» тұрақты таратуды көздеп отыр. Жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған бауырмал қазақ, қасиетті айда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, мұқтаждарға ауыз аштырып, қуаныш сыйлағаны абзал.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
01.05.2020
3618
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру