Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал Даму: 10 отбасыға жасалған қайырымдылық

«Халал Даму» ЖШС halaldamu.kz 01.05.2020 3121 0 пікір
Халал Даму: 10 отбасыға жасалған қайырымдылық

Қасиетті Рамазан айында жақсылық жасауға жарысқан «Иштаев», «Досматов», «Исмаилов» кәсіпорындары Тараз өңіріндегі мұқтаж 10 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті.

«Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Миразизов Нұрмаджан бақылауындағы шұжық кәсіпорындарының Рамазан айында мол сауап пен еліміздегі төтенше жағдайды ескере отырып, осындай қайырымдылық шараларын ұйырдастырып жатқандығын жеткізді.

Азық-түлік құрамына ең қажетті күнделікті тұтынатын (шәй, ұн, май, макарон, күріш, көкөніс өнімдері, шұжық және құрма) өнімдер енгізілді. Аталған кәсіпорындар – шұжықтың отаны саналатын Тараз өңіріндегі «ҚМДБ халал» стандартына сай өнім өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі.

Мұндай қайырымдылық шаралары «Халал Дамумен» серіктесе жұмыс жасайтын өзге де кәсіпорындар тарапынан жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру