Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 200 отбасыға «Рамазан тәттісі» таратылды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 01.05.2020 3059 0 пікір
Шымкент: 200 отбасыға «Рамазан тәттісі» таратылды

Шымкент орталық мешітінде «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы аясында «Рамазан тәттісі» шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахманов және найб имам Мұхамеджан Естеміров, «Зекет» қорының өкілі Айбек Азимбаев, Жастар секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков т.б. азаматтар қатысты.

Шара барысында бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахманов шараның негізгі мақсатына тоқталып, халықты сабырға шақырып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған игі шараларды атап өтті.

Айта кету керек, жаңадан қолға алынған «Рамазан тәттісі» жобасы аясында 200 отбасыға түрлі тәттілер салынған себет таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру