Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Бөрлі аудандық мешітінде онлайн дәрістер өтуде

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 01.05.2020 2763 0 пікір
БҚО: Бөрлі аудандық мешітінде онлайн дәрістер өтуде

Биылғы Рамазан айы бұрынғыдан өзгерек. Баршамызға белгілі елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты барша жамағат үшін мешіттердің есігі жабылды. Алла үйінің есігі уақытша жабылғанмен, мешіттердің имамдары мен ұстаздары жамағатқа уағыз-дәрістерін онлайн режимде жүргізуін жалғастыруда.

Қасиетті Рамазан айы басталғалы Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Қ.Жакенов пен мешіт ұстазы Ж.Лұқпанов @aqsaidin инстаграм парақшасында «Рамазан құндылықтары», «Отбасы ғылымхалы», «Құран оқып үйрену» тақырыптарында онлайн дәрістер оқып, жамағаттан келген сұрақтарға жауап беріп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек аптаның әр күні «Рамазандағы Құран хатым» атты онлайн хатым оқу шарасы өтуде.

Ал «Парасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен @parasat_k.b.bko және @aqsaidin инстаграм парақшаларында кестеге сәйкес «Талас-тартыс мәселелері», «Елімізде тыйым салынған діни ұйымдар», «Хадис ілімі» тақырыптарында онлайн дәрістер ұйымдастырылуда.

Қазірге таңда бір күнде онлайн дәрістерге 100-ден астам адам қатысып, 40-тан астам сұрақтар келіп түсуде. Дәрістер қасиетті ай аяқталғанша өз жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру