Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал Даму: «Хамралиев», «Тахир» шұжықтары тексерілді

«Халал Даму» ЖШС halaldamu.kz 01.05.2020 3107 0 пікір
Халал Даму: «Хамралиев», «Тахир» шұжықтары тексерілді

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-ң Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов сертификаттаудан өткен шұжық цехтарын кезекті айлық тексерістен өткізуде.

Бүгін, «Шейх», «Қазына» сауда белгілерімен танылған «Хамралиев А.П» және «Нур Алтын», «Сано», «Мясной стандарт», «Руслан», «Aziz», «Колбасоff» секілді шұжық өнімдерін шығаратын «Тахир» шұжық цехтарында кезекті айлық тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс барысында, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, тасымалдау және сатуда бекітілген халал стандарт талаптарының сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, санитарлық тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады.

Нұрмаджан Миразизов жүргізген сәуір айының кезекті тексеріс нәтижесі бойынша, «Хамралиев А.П» және «Тахир» шұжық цехтарында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру