Бүгін Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдурахманов Шымкент қаласында салынып жатқан 8000 орындық жаңа мешіттің құрылысымен танысты.
«Нұрсат» шағын ауданында орналасқан мешітті Шымкент қаласы мешіттерінің имамдарына құрылысқа жауапты Смат Саухатов таныстырды.
Құрылыстың жалпы көлемі 12,0058 га-ны құрайды. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2, жабық аймақтың көлемі – 25626,0м2, бос аймақтың көлемі – 47369,6м2, ал, паркингтің жалпы жер көлемі 218,8х58,8 шаршы метрді құрайды. Қаланың орталық әкімшілік аймағында орналасқан мешіттің биіктігі – 4,8 метр.
Сондай-ақ, бұл ғимаратта конгресс-холл, неке қию сарайы, медресе, кітапхана мен асхана, фитнес орталық орналасады деп жоспарлануда.
Айта кету керек, зәулім мешіттің құрылысын «МұнайҚұрылысыСервис» ЖШС жүргізіп жатыр.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
30.04.2020
3497
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру