Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірі: Оразада 30 отбасыға көмектесті

"Халал Даму" ЖШС 30.04.2020 3561 0 пікір
Алматы өңірі: Оразада 30 отбасыға көмектесті

Алматы облысы бойынша «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабековтің ұйымдастыруымен мекеме атынан 30 отбасыға азық-түлік көмегі көрсетілді.

Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген еліміздегі төтенше жағдай кезінде сыртқа шығуға мүмкіндігі жоқ науқас жандар мен қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға тұрмысқа ең қажетті деген азық-түліктер жеткізілді.

Алланың мейірімі мен шапағаты мол айда қайырымдылық жасауда жарысып, жақсылықтың сауабына кенелуді қалаған «Халал Дамудың» өңірлік өкілдері мұндай ізгі бастаманы әлі де жалғастырады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру