Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Дүкен иелерін арақ сатпауға үндеді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі qalam.kz 29.04.2020 3073 0 пікір
ШҚО: Дүкен иелерін арақ сатпауға үндеді

Төтенше жағдай кезінде және қасиетті Рамазан айында арақ-шарап сатпау, оны мүлде тұтынбау туралы Өскемен аймағының дін қызметкерлерінің игі бастамасы халықтан зор қолдау тауып, өңірдің қала, аудан, ауылдарынада арақ-шарап сатуды уақытша доғарған дүкендер саны күн санап көбейіп келеді.

Осы игі бастаманы қолдаған Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы «Көкжыра», «Үлгілі малшы» ауылының кәсіпкерлерінің бірі:

«Рамазан айында арақ-шарап сатуды тоқтаттық. Ораза кезінде бізде арақ сатылмайды. Бастама тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр» деді.

Ораза кезінде және әлемді жайлаған індет кезінде әр адам жеке карантин тәртібін сақтап, кәсіпкерлер арақ-шарап саудаламай, қасиетті айда имандылықпен адамгершілік құндылықтарды, мұқтаждарға қайырымдылық жасап, иманды нығайту адам баласын бірден бір ізгілікке жол екендігі анық.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру