Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Күн сайын 200 адамға ауызашар беріледі

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 29.04.2020 2893 0 пікір
БҚО: Күн сайын 200 адамға ауызашар беріледі

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен күніне 200 адамға арналған ауызашар берілуде.

Карантин жағдайына байланысты көпшілік жиналатын шаралар уақытша тоқтатылғаны белгілі. Соған байланысты Орал орталық мешіті ауызашар ретінде ыстық тамақ, салат, сусындар, жеміс пен тәттілер таратып келеді.

Мешіт имамдары мен еріктілер тобы Орал қаласы бойынша 200 отбасының үйіне ауызашарға арналған дастарханын тегін жеткізіп, қала, аудан тұрғындарын қуантып отыр.

Ал Сырым аудандық мешітінің бас имамы Әділхан Нұрбергенұлы бастамасымен, жамағаттың қолдауымен 100 адамға арналған ауызашар дастарқанын жеткізу өз жалғасын табуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру