Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Рамазан айында ішімдік сатпауға шақырды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 29.04.2020 2836 0 пікір
Түркістан: Рамазан айында ішімдік сатпауға шақырды

Карантин кезінде елімізде алкогольді ішімдіктердің саудасы айтарлықтай өскен. Мамандар мұның себебі кей адамдардың коронавирустан сақтанудың жолын ішімдіктен тапқанынан болғанын айтады. Сондай-ақ, дүкендерде азық-түлік бағасының көтеріліп кеткені, көпшілікке ауыр тиіп жатыр.  

Созақ ауданы Тайқоңыр, Жуантөбе ауылдарының имамдары мен ақсақал жамағаттары дүкендерді аралап, иелерінен қасиетті Рамазан айында арақ-шарап саудасын тоқтатуды сұранды.

Сондай-ақ, азық-түлік бағасын қымбаттатпауға шақырды. Кәсіпкерлер уәжге тоқтап, адал саудамен айналысуға уәде берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру