ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігіне қарасты барлық аудандық мешіттер Өскемен аймағының «Зекет» қорымен бірлесіп өңір тұрғындарына «Рамазан берекеті» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Шара барысында Өскемен қаласындағы және аудандардың тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік тізімі бойынша мұқтаж жанұяларға көмек үлестірілді. Қайырымдылық шарасына өңір бойынша 100-ге жуық отбасы қамтылды.
«Қасиетті Рамазан айында тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктің қайырымдылығын жасалып жатыр. Қайырымдылық бағытында өңірдегі «Зекет қоры» өкілдігі және барлық мешіттер жүйелі шаралар атқарып жатыр. Мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру – дінімізде аса сауапты амалдардың бірі» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының «Зекет» қоры бойынша жауапты қызметкері Аманбол Қуатұлы. Ол сонымен қатар қайырымдылық ісі жүйелі жалғасатындығын айтып өтті.
Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өкілдікке өз ризашылықтарын жеткізді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
qalam.kz
29.04.2020
2848
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру