Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Алтай» асханасы сертификатталды

Халал өнімдерін сертификаттау бөлімі 28.04.2020 2666 0 пікір
«Алтай» асханасы сертификатталды

Павлодар қаласындағы «Алтай» асханасы «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай сертификатталды.

Бөлім меңгерушісі Айбек Аташев мұсылмандардың қара шаңырағында «Алтай» асханасы басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын арнайы табыстады.

Айбек Асқарбекұлы елімізде халал асханалар санының көбеюі көз қуантарлығын, күллі мұсылман қауымы үшін адал ас ұсыну мен дайындаудың жауапкершілгі мол екендігін жеткізді. Өз кезегінде «Халал Даму» ЖШС-ның өңірлік жауапты өкілдері асханада ай сайын тұрақты тексеріс жұмысын жүргізіп тұратынын ескертті.

«Серік Айдын» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Алтай» асханасы 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарына сәйкес сертификатталды.

Бірінші май 164/1 мекен-жайында орналасқан «Алтай» асханасының өнімдері толықтай «ҚМДБ халал» стандарты талаптарына сай.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру