Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр Астана» мешітінің ұстаздары онлайн Құран хатым оқуды бастады

ummet.kz 28.04.2020 4092 0 пікір
«Нұр Астана» мешітінің ұстаздары онлайн Құран хатым оқуды бастады

«Нұр Астана» мешітінің ұстаздары жамағатпен онлайн түрде Құран хатым етуді бастады.

Қасиетті Рамазан айындағы сауапты амалдардың бірі – Құран кәрімді хатым ету. Карантин жағдайына байланысты мешіт жамағатына «Нұр Астана» мешітінің инстаграм парақшасында тікелей эфир арқылы Құран кәрімді хатым етуге жағдай жасалып отыр. Алғашқы параны «Нұр Астана» мешітінің ұстазы, қари Салман Хадиршаев оқыды. Рамазан айы бойы жалғасатын Құран хатымына Ummetkz парақшасы арқылы қосылуға болады.

Тікелей эфир күнделікті сағат 15:00-де басталады және бір тәулік сақталып тұрады. Сондай-ақ, ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы мешіттің әйел шәкірттерінің басын қосып, whatApp қосымшасы арқылы Құран хатым түсіруде.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру