ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айында игі іс жасап, қайырымдылыққа үндеуі аясында Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттары және Маңғыстау облысының орталық мешіті ұжымы «Рамазан сыйлығы» атты қайырымдылық ұйымдастырды.
Қасиетті Құран Кәрімдегі 114 сүренің құрметіне – 114 тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық жасалды. Әрбір отбасыға ең қажетті азық түлік: ұн,шекер, сұйық май, күріш,макарон өнімдері, қарақұмық, тәттілер, шәй,тұз т.б.
Сауапқа толы айда игі іс-шаралар өз жалғасын тауып отырмақ. Ниет етіп ұстаған оразаларыңыз қабыл, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру