Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Нұр» мешіті ембіліктермен бірге

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 27.04.2020 3072 0 пікір
Ақтөбе: «Нұр» мешіті ембіліктермен бірге

Қасиетті Рамазан айында Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы «Нұр» мешітінің имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұловтың ұйытқы болуымен ізгілікті істер қолға алынып, қайырымдылық шаралар жалғасын тапты.

Ораза қарсаңында «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен және Ембі қаласындағы ерікті жастардың қолдауымен 260 мың теңге жиналып, осы қаражаттан 20 отбасының әрқайсысына 13 мың теңгенің азық-түлігі жеткізілді.

Аз қамтылған және көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға табысталған азық-түлік құрамында ең қажетті күнделікті тұтынатын шәй, күріш, сәбіз, жуа, ұн, 5 литр сұйық май, макарон өнімдері мен құрма болды. Әрине мұндай көмек қазіргідей карантин кезінде еріксіз үйлерінде қолда бар ас-суымен отырған мұқтаж ембіліктерге едәуір септігін тигізгені сөзсіз.

Елдегі төтенше жағдай уақытында ембіліктермен бірге болған «Нұр» мешітінің игілікті ісі басқа да жерлестерімізді жақсылыққа шақырып, қайырымдылыққа үндейтін оң қадам болғаны анық.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру