Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев облыстық «Ақжайық» телеарнасының «Ғибратнама» бағдарламасына тікелей эфирде сұхбат берді.
Сұхбат Рамазан айы турасында өрбіді. Қасиетті айдағы құлшылықтар, ораза ұстаудың негізгі шарттары және ораза ұстаушыларға кеңестер берілді. Бас имам өз сұхбатында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына арнаған құттықтауы мен қайырымдылық шарасы мен сауапты істерін тұрғындарға жеткізді. Сондай-ақ, Рамазан айындағы көп туындайтын сұрақтарға жауап беріп, қайырымдылықтың сауабы жайлы да тарқатып айтты.
Рамазан айы бағытында өрбіген сұхбат барысында осы айда атқарылатын біршама игі шаралар, мешіт дайындықтары да сөз болды. Сондай-ақ бас имам бүгінгі күллі әлемді аузына қаратып, уайым мен сарсаңға салған індет салдарынан мешіттерде жамағатпен намаз оқуға уақытша тыйым салынғанын, тарауықтың мешіттерде оқылмайтынын еске салды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
27.04.2020
2747
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру