Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Барша отандастарымды көмекке мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге, еліміздегі мешіттер арқылы аузы берік отандастарымызға ауызашар тағамдар таратуға шақырамын» деген болатын.
ҚМДБ Төрағасының ТЖ кезінде ауызашар рәсімін өткізу жайлы осы бастамасына жұртшылық өз үлесін қоса бастады. Көпшілігі ауызашарға атаған малын сойып, таратып жатыр. Сайрам, Келес, Сарыағаш, Мақтаарал, Қазығұрт аудандарында ауызашарға ет жеткізуде.
«Зекет» қорының Отырар ауданындағы өкілі Мақсат Ергубеевтің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Бір ірі қара сойылып, еті 20 отбасыға үлестірілді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
yassi.kz
27.04.2020
2762
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру