ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық акциясы аясында 200 отбасыға алғашқы қоржындар жеткізілді.
Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі шарада Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары мен ерікті жамағаттары азық-түлік өнімдері салынған Рамазан қоржындарын өтініш білдірген мұқтаж отбасыларға тарту етіп, қасиетті айда қуаныш сыйлады.
Бауырмалдылық пен бірлікке үндейтін берекелі айдағы сауапты шараның басты демеушілері – қаламыздағы «Ескі базар» және «Жаңа базар» сауда орталықтарының кәсіпкер азаматтары.
Айта кетейік, бас имам Болатбек Ұласқанұлы Рамазан алдындағы баспасөз мәслихатында төтенше жағдайға байланысты мешіттерде ауызашар берілмейтіндіктен, ауызашар дастарқанына қажетті азық-түлікпен қамтасыз ету мақсатында облыс көлемінде «Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық акциясы өтетінін хабарлаған болатын. Аталмыш акция әлі де жалғасын тауып, бір ай бойы жүзеге асырылады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
27.04.2020
3640
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру