Басылымның мамыр айындағы санында жарияланған материалдармен таныстырсақ. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Оразадағы ықылас» мақаласымен ашылды.
«Уәжіп» айдарымен «Пітір садақасы», «Білгенге маржан» айдарымен «Сәресінің қасиеті», «Пәтуә» айдарымен «Хайыз кезінде Құран оқу үкімі», «Ғибадат» айдарымен «30 күнде 30 игі іс», «Парыз» айдарымен «Ауызашар сәт», «Ораза махшарда шапағатшы болады», «Ауызашар», «Сүннет» айдарымен «Тарауық намазы», «Тарауық намазының уақыты мен үкімі», «Уәжіп» айдарымен «Ораза айт намазы», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Жарапазан», «Жарапазан жыры», «Салт-дәстүр» айдарымен «Ас, садақа беру жоралғылары», «Тәпсір» айдарымен ««Жұма» сүресі», «ҚМДБ – 30» айдарымен «Діни білімімізді көтерейік», «Абай – 175» айдарымен «Қадірлі есім, аяулы еңбек», «Он сегізінші қара сөз», «Ғибрат» айдарымен «Ана тілінсіз халық болмайды», «Әл-Фараби – 1150» айдарымен «Ұлы ойшылдың тұжырымдары» атты мақалалар жарық көреді.
Басылымда мұнан өзге тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланады. Атап айтқанда: «Уағыз» айдарымен «Амалы қабыл емес жандар», «Балаларға базарлық» айдарымен «Керуен күзетшісі», «Тағылым» айдарымен «Бірлік – тәуелсіздік кепілі», «Ахлақ» айдарымен «Алла туралы жақсы ойлаңыз», «Құлшылық» айдарымен «Намазға асығыңыз!», «Даналық» айдарымен «Ондық бап», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Қадір түнінде ұйықтап қалсам, күнә емес пе?», «Ойласу» айдарымен «Шүкіршілік етcең, жеңілдейсің!», «Өнеге» айдарымен «Өзгенің бақыты үшін», «Әдеп» айдарымен «Алба-жұлба киінбе!», «Бата» айдарымен «Ұлға», «Насихат» айдарымен «Отағасы, құлақ асыңыз!», «Ой салу» айдарымен «Алланың сынағысың, коронавирус!», «Міне, ғажап!» айдарымен «Пайғамбар (с.ғ.с.) айды екіге бөлген!», «Шешендік-өнер» айдарымен «Бөлтірік шешеннің үйленуі», «Нақыл» айдарымен «Ескелді би», «Қауіпті қатер!» айдарымен «Смартфонның зияны көп», «Игі бастама» айдарымен «Ішкіліктен бас тартқан ауылдар», «Шипа Алладан» айдарымен «Жүрегіңіз ауырмасын десеңіз...» деген танымдық мақалалардың да өз оқырмандарын қызықтырары сөзсіз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
27.04.2020
2978
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру