Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Блок бекетте қызмет қауырт

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.04.2020 3210 0 пікір
Қостанай: Блок бекетте қызмет қауырт

Әлемді жайлаған жұқпалы індетке байланысты Қостанай қаласындағы уақытша жабылған блок бекетіндегі 65 қызметкерге түскі ас таратылды.

Оның ішінде полиция мен әскери қызметкерлер, дәрігерлер де бар. Бұл қайырымдылық шарасына Қостанай қаласы бойынша «Зекет» қоры және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» серификатына ие болған «Арзу» дәмханасының басшылығы мұрындық болды.

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы және өкілдіктің Жастар ісі секторының жауапты өкілі Әлішер қажы Ертайұлы блок бекетінде тұрған қызметкерлерге шын жүректен алғыс білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі. Мұндай қайырымдылық шарасы әр аптада ұйымдастырылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру