Карантин жағдайына байланысты көпшілік жиналатын шаралар уақытша тоқтатылғаны белгілі. Соған байланысты "Һибатулла Тарази" мешіті ауызашар ретінде ыстық тамақ, салат, сусындар, жеміс пен тәттілер таратты.
Мешіт қызметкерлері мұқтаж 50 отбасының үйіне ауызашарға арналған дастарханын ала барып, тұрғындарды қуантты. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз өсиетінде: «Ораза ұстағанды тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, әрі ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді» деген.
Бұл игі шараға ҚМДБ Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев те қатысты. Ауызашарды тамақ жеткізу түрінде өткізу карантин жағдайына байланысты алдағы уақытта да осылай жүзеге асырылмақ.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
asyldin.kz
25.04.2020
3516
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру