Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барша қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымы үшін рухани тазарып, береке мен бірлік, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр салтанат құратын қасиетті уақыт. Осы уақытта жасаған қайырым, дұға-тілектер қабыл болып, қасиетті ай әрбір азаматқа, әрбір отбасына амандық, бақыт, ырыс-құт әкелсін! Халқымыз қазіргі уақытша қиындықтан аман өтіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деді Нұрлан Нығматулин.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
24.04.2020
3316
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру