Қызылорда облысының бас имамы Б.Абуов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов «Адалдық пен имандылық» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
Antikor.live жобасы аясында өткен тікелей эфирдегі сұхбатта Бас имам Болатбек Ұласқанұлы аят-хадистерге негізделген «адал» ұғымының мән-мағынасына тоқталды. Ислам тарихынан алынған мысалдармен адал өмір сүру, адалдықты ұстанудың мұсылман адамның өмірі мен құлшылығына әсерін түсіндірді.
Сонымен қатар «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы» құжатында сипатталған «әділдік» қасиеті жайында баяндап, жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны жайлы айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
23.04.2020
2711
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру