Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Атқарылатын шаралар пысықталды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 23.04.2020 2743 0 пікір
Қарағанды: Атқарылатын шаралар пысықталды

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Рамазан айы қарсаңында қала, аудан имамдарымен онлайн жиын өткізді.

Онлайн жиынға өкілдіктің Жастар ісі секторы бөлімінің жауапты өкілі, наиб имам Нұржігіт Мұсабеков және өңірге қарасты 23 имам қатысты. Жиын барысында бас имам дін қызметкерлерін есік ашқалы тұрған қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуі мен ҚМДБ-ның соңғы шыққан пәтуаларымен таныстырды.

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде атқарылатын қайырымдылық шаралар, онлайн жүйеде дәрістер мен насихат айту, тарауық намаздары мен пітір садақаның берілуі жолдары, халық арасында тұрақтылық сақтау турасында өзекті жайттар қарастырылып, тиісті нұсқамалар жолданды. Имамдар тарапынан жолданған сауалдар мен ұсыныстар ортаға салынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру