Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Блок бекеттерге түскі ас жеткізілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 23.04.2020 2977 0 пікір
Шымкент:  Блок бекеттерге түскі ас жеткізілді

Шымкент орталық мешіті мен «Зекет» қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Игілікті шарада Шымкент қаласы аумағында СOVID-2019 жұқпалы індетіне байланысты уақытша жабылған 18 блок бекеттегі 300-ден астам арнайы  қызметкерге түскі ас таратылды. Блок бекеттерге Шымкент қаласының наиб имамы Мұхамеджан Естеміров бастаған еріктілер тобы жұмылдырылды.

Аталған шараның жоғары деңгейде өтуіне Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істер басқармасының басшылығы үлкен қолдау білдірді. Сондай-ақ шараға «Сайрам сүт» ЖШС демеушілік жасады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Жүрек жылуы» шарасына елдің амандығы үшін қызметте тұрған Түркістан және Шымкент қаласына қарасты қызметкерлер ризашылық білдірді.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру