Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Онлайн брифинг өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 23.04.2020 3193 0 пікір
Орал: Онлайн брифинг өтті

Орал орталық мешітінде Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаевтың қатысуымен Рамазан айына байланысты онлайн брифинг өтті. 

Баспасөз мәслихатына Орал қалалық мешіттерінің және Ақжайық, Жаңақала, Казталов, Жәнібек, Бөкей орда, Бөрлі, Сырым, Шыңғырлау, Теректі, Тасқала аудандық мешіттерінің бас имамдары онлайн режимде қатысты.

Өңір имамы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының халыққа үндеуін кеңінен жеткізіп, келе жатқан Рамазан айымен құттықтады, ұлық айдың артықшылығы мен ерекшелігі жайлы баяндады.

«Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Қасиетті айда адам баласы көбірек жақсылық жасап, ізгі амалдар атқаруға тырысады. Ораза пендені тақуалыққа тәрбиелейді. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Биыл исі мұсылман жұртшылық асыға күткен қасиетті ай 24 сәуірде басталады. Ораза айт мерекесі 24 мамырда аталып өтіледі. Қадір түні – 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні» деп атап өтті Мұратбек Мұхтарханұлы.

Сондай-ақ бас имам бүгінгі күллі әлемді аузына қаратып, уайым мен сарсаңға салған коронавирус пандемиясы салдарынан мешіттерде жамағатпен намаз оқуға уақытша тыйым салынғанын, тарауық намазының мешіттерде оқылмайтынын еске салды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру