Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам баспасөз мәслихатын өткізді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 22.04.2020 2867 0 пікір
Қызылорда: Бас имам баспасөз мәслихатын өткізді

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы облыс әкімдігі ғимаратында орналасқан өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Облыстық баспасөз алаңында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сөзімен бастаған Бас имам Рамазан айының қадір қасиеті мен медицина тұрғысынан адам денсаулығына тигізер пайдасы жайлы баяндады. Рамазан айы, Қадір түні, тарауық, Айт намаздарының басталу уақыты мен елдегі төтенше жағдайға байланысты енгізілген өзгерістер, биылғы белгіленген пітір мөлшері, ораза ұстаудың шарттары мен үкімдерін толық баяндады.

Сонымен қатар, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында мешіттерде тарауық намазы оқылмайтынын және ауызашар дастарқаны жайылмайтынын, пітір садақаны Kaspi.kz қосымшасы арқылы да беруге болатынын түсіндірді.

Сөз соңында биылғы ерекшіліктерге байланысты ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен берекелі айдың құрметіне орай өткізілетін бірқатар шараларды таныстырды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік желілерде бас мешіттің ресми парақшалары арқылы өтетін онлайн режимдегі уағыздар мен дәрістер, «Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық акциясын өткізу, «Қарилармен бірге ауыз аш» атты онлайн режимдегі хатым Құран оқылуы секілді түрлі форматтағы іс-шаралардан хабарлар етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру