Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Қайырымдылық қайда болса – жақсылық сонда

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 22.04.2020 3015 0 пікір
Қарағанды: Қайырымдылық қайда болса –  жақсылық сонда

Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланған күннен бастап, Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде қолға алынды.

Қала мешіттері мен облыстық «Зекет» қоры, «Ана-Мама» қоғамдық қоры бірлесіп бүгінгі күнге дейін 1150-ден астам отбасына азық-түлік таратылды. Сонымен қатар, жедел жәрдем орталықтарына, жалғызбасты зейнеткерлер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жалпы саны 1900 адамға ыстық тағам үлестірілді. Мұндай игі істер, алдағы күндері де жалғасады.

«Құран Кәрімде: «Игі жолда не сарп етсеңдер де, сауабы өздеріңе толық беріледі...» делінген. («Бақара» сүресі, 272-аят). Бір бірімізді барынша қолдау мен демеу мақсатында, бірлігімізді іспен айқындайтын мезгілде айналамызға байыппен қарап, көмек қажет ететін отбасыларға азық-түлік таратып отырмыз. Бұл бағытта «Зекет» қоры өңір мешіттерімен, қайырымдылық қорлармен бірлесіп, кешенді шаралар атқарып жатыр. Мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру – дінімізде аса сауапты амалдардың бірі. Облысқа қарасты қала, аудан мешіттері де өз аймақтарында осы негіздегі жұмыстарды белсенді атқаруда. Азық-түлікпен қатар еріктілер тобының атсалысуымен 2150 дана бетперде тегін таратылып, елордамызға 300 данасы жолданды. Еріктілер тобына Жастар ісі секторының құрамы қосылды. Сонымен қатар Рамазан айының қарсаңында ораза мен зекеттің маңызы жайында 1000 дана кітапша халыққа таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде» деп атап өтті Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру