ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» корпоративтік қорының директоры Талғат Омаров өңірдегі «Зекет» қоры өкілдерімен онлайн жиналыс өткізді. Жиналыста еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі жұмыс процесі мен алдағы Рамазан айындағы іс-шаралар жоспары талқыланды.
«Зекет» қорының басты мақсаты – шариғат үкіміне сай зекетті жинау мен тарату. Еліміздегі төтенше жағдай кезінде қайырымдылық қор ретінде қиын жағдайға тап болған мұқтаж жандарға көмек көрсетуді тоқтатпады. Айта кетсек, діни басқарма төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, өңірлердегі «Зекет» қоры өкілдері мен өкіл имамдардың атсалысуымен «Зекет» қоры «Жүрек жылуы» атты акцияны жүзеге асыруда. Қор директоры Талғат Сейіткәрімұлы осындай қиын кезде қорға жүгінген әрбір мұқтаж жанға барынша жәрдем көрсетілу керектігін айтты. Сондай-ақ, карантин кезіндегі қауіпсіздік талаптары толықтай орындалып, сақтық шараларына ерекше мән беруді тапсырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы бойынша, «Зекет» қорының мақсаты мен жарлығына сай, биылғы жылдан бастап республика аумағында зекетті тек арнайы «Зекет» қоры өкілдері жинайтыны жайлы және Төтенше жағдай кезіндегі зекет жинау механизмдерімен таныстырылып, Бас кеңсе тарапынан нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, Қасиетті Рамазан айында «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша, Алланың қалауымен, беріліп жатқан пәтерлер санын көбейтуге жоспар белгіленді. Бүгінгі таңда қордың ең ауқымды жобаларының бірі бойынша 191 пәтер кілті мұқтаж жандарға бұйырды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ "Зекет" қорының баспасөз қызметі
21.04.2020
3512
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру