Бүгін Алматыда қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған онлайн жиын өтті. Қаланың бас имамы Еркінбек Шоқайдың төрағалығымен өткен жиынға Алматы Орталық мешітінің ұжымы мен аудан имамдары қатысты.
Жиынды жүргізіп отырған бас имам алдымен имамдарды келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сондай-ақ жуырда бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Рамазан айы қарсаңында өткен дәстүрлі Төралқа мәжілісінде қаралған мәселелер мен соңғы шыққан пәтуаларды ортаға салды.
Еркінбек Шоқай Бас мүфтидің Рамазан айында атқарылатын іс-шараларды жоғары деңгейде жүзеге асыруға бағытталған үндеуін түсіндіріп, аудан имамдарына бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, мешітке, көпшілік, қоғамдық орындарға, көшелерге «Ораза қабыл болсын!», «Рамазан айы құтты болсын!» деген атаумен бірегей құттықтау баннер мен плакаттар ілу, оразаға қатысты ҚМДБ ұстанымдары мен пәтуаларын кеңінен насихаттау, сұрақтарға жауап беру, Рамазан айында халыққа онлайн уағыз-насихат айту сынды мәселелер күн тәртібіне қойылды.
Жиын барысында аудан имамдары да өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
20.04.2020
2896
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру