Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақыл, қайрат білімді тең ұстаған» байқауының жеңімпазы анықталды

ummet.kz 20.04.2020 3316 2 пікір
«Ақыл, қайрат білімді тең ұстаған» байқауының жеңімпазы анықталды

Елордадағы «Рақымқызы Райса ана» мешіті ұйымдастырған «Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған» атты шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

20 ақпан мен 20 наурыз аралығында сайысқа 19 шығарма келіп түсті. Байқауға спорт саласының жаттықтырушысы, медициналық саланың студенті, дінтану саласының студенті, оқушылар және кітапханашы, жазушы-ғалым, мұғалім-ұстаздардың қатар қатысуы көңіл қуантарлық жайт.

Әділқазылар алқасының бірауыздан шешімімен «Абай ілімі жалпақ жұртты имандылыққа баулиды» мақаласының авторы Қобдабай Қабдыразақұлы шығармашылық сайыстың жеңімпазы атанды.

ІІ орын Ләйлім Игілікқызы мен Марлен Ғилымханның еңбектеріне берілді, ал Дәурен Тілеуханұлы, Қарыпбаева Бағжан мен Манарбек Айдынғалиұлының шығармалары ІІІ орынға ие болды.  Сондай-ақ, «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша 6641 дауыс жинаған Абай Саранұлы жеңімпаз атанып, 5657 дауыс жинаған Нұрболат Хадисұлы ынталандыру сыйлығының иегері болды.

Пікірлер (2)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Мубарак Шакиров | 21.04.2020 08:08

Жүлделі мақаланы жариялау дұрыс

 

Мубарак Шакиров | 21.04.2020 08:10

Мақаланы оқуға бола ма