Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал даму» қызметкерлерінің жиналысы өтті

halaldamu.kz 20.04.2020 3131 0 пікір
«Халал даму» қызметкерлерінің жиналысы өтті

Бас мүфтидің бұйрығымен ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры қызметіне тағайындалған Айбек Аташев мекеме қызметкерлерімен жиналыс өткізді.

Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайл Сейтбеков мекеме қызметкерлерін жаңа басшымен таныстырып, осы уақытқа дейін «Халал Дамуда» атқарылған жұмыс барысын баяндап, нәтижелерін бөлісті.

«Халал Дамудың» басшылық қызметін қолға алған Айбек Асқарбекұлы: «Халал жолындағы қызмет – күллі мұсылманның дүниесі ғана емес, ақыреті үшін жауапкершілік сезіне отырып, еңбек ету. Адалдықты талап ететін ететін бұл салада сіз бен біз бірлесе, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қызмет етеміз деп сенемін» дей келе қызметкерлердің міндетімен танысты.

Жиын соңында қызметкерлерге нақты тапсырма бере отырып, БАҚ және халыққа насихат саласында бірқатар жетілдіру шараларын жүргізу керектігін және халықаралық JAKIM ұйымынан аккредиттеуден өтуге жұмыс барысын пысықтауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру