Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Рамазанға дайындық мәселесі талқыланды

amin.kz 19.04.2020 3019 0 пікір
Атырау: Рамазанға дайындық мәселесі талқыланды

Қасиетті Рамазан айына дайындық мәселесі Атырауда онлайн режимде талқыланды. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен өткен жиынға қала имамдары офлайн, аудан имамдары онлайн режимде қатысты.

"Биылғы Рамазан тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет ерекше жағдайда өткелі отыр. Өкінішке орай, тарауық намазы мешіттерде оқылмайды. Десе де, осынау маңызды құлшылықты азаматтардың өз шаңырағында оқуын мүмкіндігінше кеңірек түсіндіру қажет. Екіншіден, пітір садақалар үшін арнайы жәшіктерді мешіт қақпасының сыртына және азық-түлік маркеттер желісіне орналастыру мәселесіне назар аударымыз керек.

Ең бастысы – қайырымдылық шаралары. Осы айда қайырымдылық бағыттағы шараларымызды мейілінше кеңірек жүргізіп, ауқымды істер қатарын ұлғайтуымыз қажет. Сонымен бірге, жамағатпен арадағы онлайн байланысты нығайтуға назар аударғанымыз жөн. Мешіттеріміздің интернет каналдары арқылы уағыздар, дәрістердің тоқтамауын басты назарда ұстауымыз керек" деп атап өтті мәжіліс барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру