Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірі: 500 отбасыға қуаныш сыйлаған күн

Алматы өңірі бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 19.04.2020 2783 0 пікір

Қасиетті Рамазан айының құлшылығы мұсылман қауымға Алла Тағалаға қайырымды сауап амалмен жақындауға, екі дүниеде бақытты болуға, ел амандығы үшін дұға жасауға үлкен мүмкіндік береді.

Ұлағатты ай қарсаңында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  бастамасымен Алматы облысында «Жүрек жылуы»  қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Алматы өңірі бойынша «Зекет» қорының ұйымдастыруымен 500 көп балалы және мұқтаж отбасыларына азық-түлік таратылды.

Бұл іс-шараға Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы арнайы қатысып, дін Бас мүфтидің құттықтау сәлемін жеткізді. Сонымен бірге мұсылман жамағатын келе жатқан қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Алладан дұға жасап, ізгі ниет тілегін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру