Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Имамдардың онлайн мәжілісі өтті

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 18.04.2020 2815 0 пікір
Талдықорған: Имамдардың онлайн мәжілісі өтті

Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы өңірге қарасты аудан және қала имамдарымен апта сайын жұма күндері конференция түрінде онлайн мәжіліс өткізуде.

Өкілдіктің қызметкерлері және өңір имамдарының қатысуымен өткен бүгінгі жиында қасиетті Рамазан айына дайындық барысы, қасиетті айды төтенше жағдайға ыңғайластырып іс-шаралармен өткізу мәселелері талқыланды.

Одан бөлек, бас имам ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына байланысты үндеуімен таныстырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру