Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өңірдің бас имамы Жолдас Қоспақұлы қалалық және аудан мешіттерінің имамдарымен онлайн кездесу өткізді.
Онлайн жиынға облыстық діни істер істер басқармасының басшысы Закарьянов Дәулет Қоқанұлы да арнайы қатысып, оразаға дайындық жұмыстары жайлы әңгімелесті.
Кездесуде төтенше жағдай кезінде дін қызметкерлерінің қайырымдылық, онлайн насихат айту, халықты бірлік пен имандылыққа шақыру бағыты бойынша атқаратын жұмыстары, сонымен қатар, ҚМДБ Ғұламалар кеңесі әзірлеген ас беру мәдениеті, зиратты зиярат етудің тәртібі, Рамазан айында берілетін підия, пітір садақасы мен зекет мөлшері, ораза кестесі, төтенше жағдай кезінде зекет пен пітір садақасын беру тәртібі туралы нақты нұсқамалар берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
17.04.2020
3045
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру