Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешіті әлеуметтік көмекке мұқтаж петропавлдық отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.
Төтенше жағдайға байланысты жарияланған карантин көпшілікті үйреншікті айлық табысынан айырғаны рас. Осыған орай бүгінде «Қызылжар» орталық мешітіне көмек сұрап хабарласушылар көбейіп отыр. Мешіт қызметкерлері олардың бәріне шама-шарқынша қолдау көрсетуге тырысуда.
Жуырда мешіт имамдары кезекті рет көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар үшін азық-түлік сатып алып, үйлеріне апарып берді. Сонымен қатар мешітте жұмыс істейтін, бірақ карантин кезінде үйінде отыруға тура келген қызметкерлерге де азық-түлік пакеті жеткізілді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі
16.04.2020
3031
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру