Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Қараобалық жастардың қайырымдылығы

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 15.04.2020 2976 0 пікір

Сәуір айының екі жұмасында қараобалық жастар қайырымды іс жасады.

БҚО Казталовка ауданындағы Ғұмар Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының 2006 жылығы түлектері әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасыға тегін азық-түлік таратып, көмек көрсетті. «Біз біргеміз» деген ұстанымдағы білім ордасының 35-інші түлектері жан-жақтан жиналып, ауылдастарының алғысына бөленді.

Қараобаның перзенті, «Даму» ЖШС-нің БҚО бойынша жетекшісі, Орал орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбекұлы – қайырымды бастаманың басы-қасынан табылып, құрдастарын жұмылдырған жан.

«Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Сауабы мол игі іске атсалысу – әрбір адамның борышы. Дәл қазіргі сәтте әр адамға сіз бен біздің рухани және материалдық қолдауымыз қажет. Осы жағдайларды ескере келе әлеуметтік жағдайы төмен жерлестерімізге көмектескенді жөн көрдік, - дейді Асхат Асылбекұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру