Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал сертификатын заңсыз пайдаланған шұжық цехы анықталды

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі halaldamu.kz 15.04.2020 7314 3 пікір
Халал сертификатын заңсыз пайдаланған шұжық цехы анықталды

«Халал Даму» мамандары тарапынан жүргізілетін ай сайынғы тексеріс кезінде «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланатын кәсіпорындар кездесіп жатады.

Осындай тексерістің бірінде «Халал Дамудың» Ақтөбе қаласы бойынша жауапты өкілі Абдисаламов Жарасхан «АМАН» сауда белгісімен шығарылатын шұжықтың «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланғандығын анықтады.

Ақтөбе қаласы, Тарақұл көшесі 41а мекен-жайы бойынша тіркелген «СӘУЛЕБАЕВА Р.К» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «АМАН» шұжық өнімдері басшылығына «Халал Даму» мамандары тарапынан «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланбау және қаптамадан халал белгісін алып тастау жөнінде бірнеше рет ескерту жасалынды. Алайда, ескертуге құлақ аспаған кәсіпорын «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдалануды доғарар емес.

Сол себепті, тұтынушылар назарына Ақтөбе қаласында шығарылатын «АМАН» шұжығының «ҚМДБ халал» таңбасының заңсыз екендігін хабарлаймыз.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, «ҚМДБ Халал» таңбасын заңсыз пайдаланған «Аман» шұжығы кәсіпорнының қылмыстық ісі сотта қаралады.

Пікірлер (3)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Айжан Бекболатова | 15.04.2020 02:35

Это не единичный случай. Недавно увидела говяжьи фарш в прилавке, с желтой печатью КМДБ, 680 тенге за кгundecided, разве такое возможно? Торопилась сильно, и не стала фотографировать название фирмы. Как увижу, напишу название.

Азат Аманбайұлы | 15.04.2020 02:37

Əссəлəму А'лейкум уа рахматуллахи уа баракату. "Байрам" маркалы шұжық "ҚМДБ Халал" маркасын заңды пайдаланып жүрмекен соны қайдан білуге болады.

Администратор | 17.04.2020 12:49

Уағалейкумассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! halaldamu.kz сайтында сертификат алған және сертификатын жаңартқан кәсіпорындардың тізім бар. содан қарап көріңіз.

Медет Есенаманұлы | 15.04.2020 09:14

Шара қолдану керек. Қаншама адамдар сеніп сатып алады ғой