Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен аймағының имамдары онлайн жиын өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі qalam.kz 14.04.2020 2938 0 пікір
Өскемен аймағының имамдары онлайн жиын өткізді

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкілдігінің имамдары онлайн түрінде жиын өткізді.

Жиналысқа қала, аудан бас имамдары қатысты. Жиынның күн тәртібінде төтенше жағдай кезіндегі қызмет барысы, Рамазан айына әзірлік қатарлы мәселелер талқыланды.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы карантин кезіне өтіп отырған жиналыстың маңызына тоқталып, алдағы міндеттермен таныстырды. Бас имам:

«Қазіргі таңдағы қалыптасқан жағдайға байланысты онлайн жиын өткізіп отырмыз. Аудан, қалалық мешіттер қазірде карантин талаптарын сақтай отырып, қызмет етіп жатыр. Онлайн уағыздар, жамағаттың сауалдарына әлеуметтік желілерде жауап беру қатарлы насихат жұмыстары арнайы жоспармен үздіксіз атқарылуда. Бірнеше мәрте ел амандығына арналып Құран хатым жасалды. Қазіргі уақытта қайырымдылық шарасына аса мән беріп отырмыз. Өңірде күн сайын мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылуда» деп айырықша атап өтті.

Бас имам жиында қасиертті рамазан айында әзірлікті пысықтап, имамдарға мемлекеттен белгіленген төтенше жағдай талаптарын сақтай отырып, діни іс-қызметті үйлестіруді тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру