ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі мен «Зекет» қоры өкілдері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан студенттерге қайырымдылық жасады.
«Карантин кезінде студенттерге қайырымдылық жасап отырмыз. Мұнда азық-түлік, бетперде, анисептик секілді құралдар студенттерге табысталды. Бұл – жастарға деген қамқорлығымыз. Ел болашағы жастар әркез басты назарда болуға тиіс» деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.
Қайырымдылық көмегін табыс ету рәсіміне университет басшылығы қатысып, төтенше жағдай кезінде студенттер қашықтан оқып, карантин талабын қатаң сақтап отырғандығын айта келе, әр студенттің денсаулығы маңызды екенін жеткізіп, қайырымдылық жасаушыларға алғыс білдірді.
Айта кетейік, көмекпен қамтылған студенттердің барлығы шет мемлекеттерден келіп оқып жатқан – қазақ жастары.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
13.04.2020
2827
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру