Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: 4 отбасыға қой алып берді

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 13.04.2020 2579 0 пікір
Талдықорған: 4 отбасыға қой алып берді

Біз елемей жүрген тарыдай жақсылықтың да таудай сауабы бар! Алла Тағала қасиетті Құранның «Сәба» сүресінде: «Сендер не жұмсасаңдар да, Алла оның орнын қайта толтырады» деген.

Қайырымдылыққа зәру жандарды іздеген Талдықорған қаласының кәсіпкер азаматтары ҚМДБ Талдықорған өңірі өкілдігі және «Зекет» қорымен бірлесіп, 10 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек, 4 отбасыға төрт қойдан зекет берді. Балаларды да құралақан қалдырмай, ойыншық сыйлады.

Өздеріне Алладан жіберілген жақсылыққа көңілі жібіген мұқтаж жандардың бірі көзіне жас алса, бірі алғысын жаудырып қуанышын білдірді. Алланың разылығын іздеген кәсіпкер бауырларымыздың отбасындағы қуаныштары ортаймасын, берекесі арта берсін деген тілек айтамыз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру