БҚО Бәйтерек аудандық мешітінің бас имамы Бағдат Шақаев пен мешіт қызметкері Сәбитхан Бисенғалиев тәртіп сақшыларына тегін түскі ас ұйымдастырды.
Мешіт имамдары Бәйтерек ауданы бойынша Орал-Тасқала-Ресей шекарасы тасжолының Переметный ауылына бұрылысында және Белес ауылы «Батыс Пауэр» ЖШС аумағында орналасқан бекеттерде тұрған полиция инспекторларына осындай көмек көрсетті.
Темірдей тәртіпті ұстанған тәртіп сақшылары ізгілік жолын ұстанған аудандық мешіттің бас имамы Бағдат Русланұлына алғысын жеткізді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Бәйтерек аудандық мешітінің баспасөз қызметі
13.04.2020
2869
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру