Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Алғыс арқалаған азамат

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 13.04.2020 2559 0 пікір
Қостанай: Алғыс арқалаған азамат

Қостанай облысы Меңдіқара ауданының азаматтары осы ауданның жаны жайсаң тұрғыны Нұрлан Жармағанбетовты ерекше құрмет тұтады. Оның да өз себептері бар.

Биыл облысымызда қар қалың түскен еді. Ал Нұрлан бауырымыз өзінің жеке тракторымен қыс басталғанынан аяқталғанша мешіттің айналасын қардан тазартып, өзін Алланың үйінің нағыз жанашыры екенін көрсете білді.

Оның адал еңбегіне аудандық Мұса Зұлқарнайұлы қажы мешітінің қызметкерлері мен жамағаты алғыс жаудырып, ісіне береке тілейді. Мұдай істі халқымызда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Азаматымыздың нұр тасып, басқалардың да жақсылық істеуде жарысуына себепші болса екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру