СOVID-19 жұқпалы індетіне байланысты Шымкент қаласы Н.Төреқұлов көшесіндегі №204 тұрғынүй уақытша карантинге жабылған болатын.
Қалалық «Біләл» мешіті мен «Зекет» қоры «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында осы тұрғынүйде тұратын 75 отбасыға азық-түлік қорабы мен медициналық бетперде жеткізді.
«Біләл» мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов шараның маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды уақытша қиындықтарға сабырлық танытуға шақырды. Дер кезінде қолға алынған шараға риза болған әкімдік мен тұрғындар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына алғыс білдірді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
13.04.2020
2770
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру