Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Теректіде онлайн білім сайысы өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 12.04.2020 3135 0 пікір
БҚО: Теректіде онлайн білім сайысы өтті

Теректі аудандық мешітінде «Бірлік» деструктивті діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігі және аудандық мешітінің бас имамы Еркінбек Ебелекқазиевтің ұйымдастыруымен наурыз айында басталған «Сауат ашу» курсына қатысушы шәкірттерден кезекті емтихан алынды.

Емтихан шәкірттер арасында өзара білім сайысы ретінде өтіп, «Бірлік» ҚБ-ның арнайы сыйлықтары берілді.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты сайыс онлайн түрде өткізілді. Шәкірттер сұрақтарға WhatsApp әлеуметтік желісінде бейнеқоңырау арқылы жауап беріп, сайыс Facebook желісінде тікелей эфирге жарияланды.

Сайыстың соңында «Бірлік» ҚБ төрағасы Бағдат Адайхан:

–Елімізде карантин тоқтап, мешітімізге емін-еркін келейік. Алла қаласа келесі емтихандар мен жамағатпен ұйымдастырған барлық іс-шараларымыз онлайн түрде емес, мешітте өтсін,- деген тілегін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру