Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Қайырымдылық жасқа қарамайды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 11.04.2020 2564 0 пікір
Қостанай: Қайырымдылық жасқа қарамайды

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының жастары мен мешіт жамағаты  басқаларға өнеге боларлықтай шара ұйымдастырды. Олар біріге отырып, күн көрісі төмен отбасыларға қол ұшын созды.

Жүрегі жомарт жандар қамқорлыққа мұқтаж 12 отбасына 3 қой сойып, әр шаңыраққа 3 литрден сұйық май, 5 келіден ұн, 3 келіден ет таратты. Осы игі іске Бейбіт Қойшыбайұлы, Нұрзат Қабиев, Ұлан Ахметов, Нұрсұлтан Шүленов ұйытқы болды.

Қазіргідей қиын жағдайда жүрегінде иманды кісілер барымен бөлісуге дайын тұратындығы белгілі. Қайырымдылық қасиет жасқа қарамайтындығын өмір көрсетіп отыр. Осындай жомарт азаматтарға Алла Тағаланың нұры жаусын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру