Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Қайырымдылық керуені» бастамасына және Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының үндеуіне Атырау қаласындағы «Сұлтан Бейбарыс» мешіті үлес қосты.
«Сұлтан Бейбарыс» мешітінің имамы Ержан Қағазғалиевтың қолдауымен құлшылық үйінің еріктілері халық саулығы үшін уақытпен санаспай күресіп жатқан Атыраудағы медицина қызметкерлеріне және карантин жағдайындағы қаланың қауіпсіздігін 24 сағат қамтамасыз етіп жатқан блок посттардағы полиция мен әскерилерге, сонымен бірге көше тазалаушыларға ыстық тағам жеткізді.
Сонымен бірге «Сұлтан Бейбарыс» мешіті жанындағы «Алтын өрнек» шеберханасы тігіншілерінің қолдан көпреттік маска тігіп, тұрғындарға тегін таратты. «Осындай қиын уақытта жүрегіміз дұғада, ісіміз жақсылықта болсын! Біз біргеміз» дейді еріктілер.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
amin.kz
11.04.2020
3056
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру