Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Шахан кентінде кайырымдылық істердің қатары артты

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі 10.04.2020 2518 0 пікір
Қарағанды: Шахан кентінде кайырымдылық істердің қатары артты

Қарағанды өңірінде карантин кезіндегі көрсетіліп жатқан көмек түрлері азық-түлік таратумен қатар, бетперде беру және жаңа сойылған жылқы еті де үлестірілуде.

Шахан кентіне қарасты «Салкен молда» мешітінде тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына осы негізде қайырымдылық көмек көрсетілді. Қарағанды облыстық «Зекет» корпоративтік қорымен бірлесіп жасалған ізгі іс-шара барысында мешіт имамы Амирханов Сырым кент тұрғындарына екі жылқы, бір қой (жалпы салмағы 450 кг) етін таратты. Оның 130 келісі жергілікті қарттар үйіне, қалған бөлігі жекелеген алпыс отбасына жеткізілді. Сондай-ақ сақтық шараларын күшейту үшін бетперделер тегін берілді.

«Сауапты іс жасап, қиындықта адам баласына қол ұшын созуға атсалысқан жомарт жандарға Алланың берекеті болсын демекпіз. Облыстағы «Зекет» қорының өкілі Мұхит Джаримбетовпен бірлескен түрде облыс көлемінде атқарылып отырған игі істер жалғасын таба бермек. Бірлескен істің берері де, нәтижесі де мол болады» - дейді ұйымдастырушылар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру